2013 жылдың соңында «Алау» мұз сарайы тағы да Әлем Кубогын қабылдайды.
Коньки тебушілердің халықаралық одағы (ISU) Қазақстанға осымен үшінші рет Астанада коньки тебу спорты турнирлерінің ішіндегі беделді сайыстардың бірін өткізу құқығын берді.
Коньки тебушілердің ұлттық федерациясы 2013 жылдың 1 наурызында Кубоктық сайысты өткізуге өтініш жазды.Алайда, олимпиадалық маусымда барлығы алты кезең өтеді, сол себепті Кубокты өткізу мүмкіндігі аздау. Олимпиада алдындағы екі ойындар дәстүрлі түрде Америка мен Канадада өтеді, мұнда биік таулы және ең жылдамдықты мұз сырғанақтары орналасқан. Ал, екі Кубокты ережеге сәйкес жыл сайын голландтық Херенвеенде өтеді.
Бірақ, тіпті мұндай жоғары бәскелестік болса да Астана коньки тебу стадионы осымен үшінші жыл қатарынан өзгеріссіз әлем Кубогы жарысын өткізу құқығын иеленіп келеді. ISU одағы жарысты өткізуде алдыңғы өткен Кубоктардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанынан, спорттық құрылым, сонымен қатар, қазақстандық мамандардың дайындаған мұздың сапалы болуын ескеріп, сенім артып отыр.
Өз мұз айдынында өтетін Кубок әрине, қазақстандық спорт сүйер қауым үшін үлкен сыйлық. Бірақ, бәрінен де аталмыш жарыстар біздің ұлттық құрамаға зор үлесін тигізеді. Биылғы маусымда өткен Әлем Кубогының соңғы 4 кезеңі бойынша Сочи-2014 Олимпиада ойындарына іріктеу өткізіледі. Астанада өтетін Кубокта қазақстандық команда әр қашықтық бойынша максимальды қатысушыларын – бес спортшыны қатыстыра алады. Яғни, біздің спортшыларымыздың басым бөлігі жолдама үшін таласқа түсе алады.
Сочи жолдамасы үшін күрес жоғары жылдамдық пен шиеленіске толы тартысты сайыс болмақ. Астанаға әлемнің үш жүзден астам спортшысы келеді. Осылайша, мұз сырғанақтарының рекордын жақсартуға әрі сонымен қоса ортақ рейтингті де жаңартуға нақты мүмкіндік бар. Қазақша бір мақалда айтылғандай — «Лаула, алау, лаула!».Бүгінде астаналық мұз сарайы ғаламшардағы ең үздік сарайлардың тізімінде алтыншы орында тұр.
Кубокты өткізудің нақты мерзімі: 29 қараша — 1 желтоқсан 2013.
Үш күн бойы жарыстар мынадай қашықтықта өткізіледі:
Қыздар: 500 м, 1000 м, 1500 м, 5000 м.
Ерлер: 500 м., 1000 м., 1500 м., 10 000м.
Кубокты өткізу рәсімін аяқтау үшін Коньки тебушілердің ұлттық федерациясы 25 мамырға дейін жоғарыда аталған іс-шаралар мен өткізу мерзімінің қолайлы екенін, және ұйымдастыру барысында федерация ISU ережелеріне сай жарысты өткізетіндерін нақтылап, хабарлау керек.