Астанада өтетін Әлем Кубогы алдағы маусымда әйелдер арасында  5000 м, ерлер арасында 10 000 м қашықтыққа жүгіретін жалғыз сайыс болып саналады. Әлемнің үздік конькишілері қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін   желтоқсан айында Астанада бас қосады.

Конькишілердің халықаралық кеңесінің сайтында алдағы маусым туралы барлық ақпарат орналастырылған. Әсіресе, Әлем Кубоктарының бағдарламалары толық көрсетілген. 2013-2014жылғы Олимпиадалық маусымда бес Кубоктық жарыс өткізу жоспарланған. Финал ГолландияныңХеренвейн қаласында өтеді.

Екі Кубоктық жарыстарда (Инцель мен Херенвейнде) бұқаралық сайыстар өтеді.  Алдағы маусымда ізге түсу жарыстары төрт мәрте (Калгари, Солт-Лейк-Сити, Берлин, Херенвейн) өткізіледі.Ал, командалық спринт өткен жылдағыдай тек бір мәрте Инцель қаласында тесттік режимде өтеді.

Спортшылар алты рет орта және кысқа қашықтықтарға жүгіреді: 500, 1000, 1500 метр. Ал, ұзын қашықтықтағы жарыстарға бес мәрте жүгіреді: әйелдер  арасында 3000 , ал ерлер арасында 5000. Және спортшылар аталмыш ең ұзын қашықтықта сайысқа түсетін болады. Қыздар 5000 метрге жүгірсе, ал ерлер  10 000 метрге жүгіреді. Айта кетерлік жайт, мұндай сайыс тек Астанада өтетін Кубоктың бағдарламасында бар. Сөзсіз, аталмыш оқиға елімізде өтетін бұл сайысқа көпшіліктің назарын өзіне ерекше аударатыны анық. Астана Әлем Кубогының кезеңі 29 қарашада өтеді. Үш күнге жалғасатын жарысқа әлемнің 30 елінен 350 спортшы келеді.

Астанадағы Әлем Кубогы келесідегідей бағдарлама бойынша өтеді:

29 қарашажұма. Әйелдер: 500 м (1), 5000 м. Ерлер: 1500 м.

30 қараша, сенбі. Әйелдер: 500 м (2), 1500 м. Ерлер: 500 м (1), 1000 м.

желтоқсанжексенбі. Әйелдер: 1000 м. Ерлер: 500 м (2), 10000 м.

Өз елімізде өтетін Кубок ұлттық құрамаға квоталардың басым бөлігін пайдаланып, әр жарысқа бес спортшыдан қатыстыруға мүмкіндік береді. Ал, қалған Кубоктық жарыстарға өткен маусымда қол жеткізген жетістіктеріне байланысты санаулы конькишілер қатыса алады. Алдағы маусымдағы Әлем Кубоктарына қатысу үшін қазақстандық спортшыларға төмендегідей квота бөлінген:

 500 м1000 м1500 м3000м/5000м5000м/10000м
Әйелдер:2221
Ерлер:1442

Сонымен қатар, Қазақстан ізге түсу жарысынан әйелдер мен ерлер командасын және масс-старт сайысына үш спортгыны қатыстыра алады.