Шаңғы жарысынан іріктеу (фото)

Астанада шаңғы жарысы бойынша қатысушылар арасында топқа кезекті іріктеу болды.

2015 жылы 20 қыркүйекте сағат 10.00 Астана қ. саябақ зонасындағы шаңғыроллерлі трассада «№ 2 БЖСМ» МКҚК шаңғы жарысы бөлімінің тәрбиеленушілерімен осы секцияға қатысушылар үшін шаңғыроллерден жаттығу көрсетілімі ұйымдастырылып өткізілді. Шаңғы жарысында (классикалық, конькилі) қолданылатын алуан түрлі шаңғы жүрістері көрсетілді.

Осы спорт түрі бойынша негізгі дайындық кезеңі туралы, оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру формасы, құралы және әдісі туралы кіріспе әңгіме жүргізілді. 23 адам қатысты. Барлық қатысушылар осы спорт түрімен шұғылдануға қызығушылығын білдірді. Балалар толық ақпаратты жаттықтырушы-оқытушылардан тікелей алды.