Шорт – трек спортынан Астана қаласының Ашық Чемпионаты өтті

Астана қаласының «Алау» Мұз Сарайында, ағымдағы жылдың 18-19 сәуірінде шорт – трек спортынан Астана қаласының Ашық Чемпионаты өтті

Ашық чемпионат болғандықтан бұл жарысқа Астана қаласының спортшыларынан басқа Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қостанай облысы Рудный қаласының тәрбиеленушілері қатысты. Жалпы жарыс жақсы деңгейде өтті.

Негізінен жарыс кішкентай балаларға арналып ұйымдастырылғандықтан спортшыларда ең ұзақ қашықтық 500 м болды, одан бөлек 111 м, 222 м, 333 м қашықтықтары болды. Бүлдіршіндерді жас ерекшеліктеріне қарай орта жастағы жасөспірім ұлдар, кіші жастағы ұлдар және қыздар, А тобындағы ұлдар мен қыздар, Б тобындағы ұлдар мен қыздар, С тобындағы ұлдар мен қыздар деп топтарға бөлдік.

Сайыстың салтанатты ашылу рәсіміне Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ басшысының орынбасары Белый Петр Алексеевич пен шорт – трек спортынан Қазақстан Республикасының ерлер және әйелдер ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген жаттықтырушы Қарсыбеков Мадығали Әбдіғалиұлы қатысты. Жарысқа 132 спортшы қатысса, оның 71 ұл 61 қыз.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері сәйкесінше медальдармен және дипломдармен, ал көпсайыс ұпайы бойынша жеңімпаз атанғандар арнайы кубоктармен марапатталды. Біздің мекемеміздің тәрбиеленушілердің кейбіреуіне бұл алғашқы сөре болды, жүлделі орынға іліккен спортшыларымыз жігерлене түсті. Кішкентай чемпиондарымызға зор үміт артып, үлкен жетістіктер күтеміз.

Кім білсін, бәлкім осы бүлдіршіндердің арасында болашақ олимпиада чемпиондары жүрген шығар! Жарысты өткізуге барлық жағдайды жасаған Алау мұз сарайының қызметкерлері мен әкімшілігіне үлкен алғыс білдіреміз! Жарыстағы сәттердің фотосуреттерін келесі сілтеме бойынша көре аласыздар:

foto