Астана қаласының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Эстонияда өткен Tallinn Trophy халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды.
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Софья үшінші орында тұрған еді. Алайда, еркін бағдарламада өз жағдайын жақсартып, нәтижесінде екінші орынға ие болды. Жалпы жерлесіміз Самоделкина 173,25 ұпай жинады.
Бірінші орынды 192,48 ұпаймен Бельгиядан барған Нина Пинзаррон иеленді. Ал, қола медалді канадалық Сара-Мод Дюпуа 163,58 ұпаймен жеңіп алды.