Халықаралық конькишілер одағы  (ISU) Астанада қараша айының соңында өтетін Әлем Кубогының кезекті кезеңінде қызмет атқаратын лауазымдық тұлғалар туралы ақпарат жариялады.

Техникалық делегат қызметінКристиан Броер атқарады. Ерлер арасындағы жүгіруде бас бапкер голландиялық Ян Августин. Төрешінің көмекшісі – Мазару Морозуми (Жапония). Ал, әйелдерге Алманиядан келетін Мэлани Сималла төрелік етеді.  Оған ресейлік Иван Дьяков көмек көрсетеді.  Ал, ерлер арасындағы сөреші қызметін нидерландтық Джанни Смеген мен кәріс Сын-Йол Йегал атқаранды. Әйелдер арасындағы сынданорвегиялық  Тронд Ратдал пен тағы бір кәріс маманы Йонг-Сеок Ох атқарады.

Ал, өз төрешілеріміз жайында сөз қозғайтын болсақ, жаңа маусымда алты қазақстандық маман халықаралық төреші атағын, ал үш маманымыз – халықаралық сөреші атағын иеленді.

Әлем Кубогының кезекті кезеңі 29 қарашада басталады. Аталмыш сайыс үш күнге жалғасады. Кубокқа 300-ден астам спортшы қатысады. Астанада өтетін бұл сайыстың маңыздылығы – мұнда Сочи Олимпиадасында 10 000 метрге жүгіру сынының жолдамасы сарапқа салынады.

http://sk-sport.kz/kz/news/4368