Жуырда Жапонияда басталған Азия чемпионатында қазақстандық коньки тебуші Дмитрий Бабенко жекелей қашықтық пен көпсайыста төрт жүлде иеленді.
Сайыстан кейін коньки тебу спортынан ұлттық штаттық команданың бапкері Сергей Мелехов Дмитрий Бабенконың Азия чемпионатына тек жүлде иелену үшін барғандығын айтып жеткізді. Жарыс алдында бапкерлер құрамы нақты болжам жасамай, спортшылардың әлеуеті жайлы ештеңе жарияламады, десек те солтүстікқазақстандық спортшының жүлдеге басты үміткер екендігі мәлім еді. Азия чемпионаты Бабенконың Олимпиадаға дайындық жүйесіндегі маңызды сайысы болып саналады.
Жапонияда біздің спортшы көпсайыст пен ал жекелей қашықтықтағы сындарда (1500, 5000 және 10000 метр) бірінші орындарды иеленді. Бапкерлердің айтуынша, Дмитрий аталмыш жарысқа тыңғылықты дайындық жұмыстарын жүргізді.
«Жарыстар ашық мұз айдынында өтті, — дейді Сергей Мелехов. – Ауа райы қолайсыз жағдай туғызып, қар жауып, қатты жел соқты. Десек те барлық қиындыққа қарамастан біз сәтті өнер көрсеттік».
«Жиырма минуттан кейін біз Токиодан Мюнхенге ұшамыз, он екі сағат бойы жолда жүреміз. Алманияның Инцеле қаласында Дмитрий Бабенко Олимпиадаға дайындық жұмысын жүргізеді, Олимпиадаға аз ғана уақыт қалды», — дейді Сергей Мелехов.
Азия чемпионатында сәтті өнер көрсеткен Дмитрий Бабенко Қазақстан құрама сапына қабылданып, құрамамен бірге наурыз айында Голландияда өтетін әлем чемпионатына қатысады.