XXIV қысқы Олимпиада
Төрт жылдықтың тартысты додасына еліміздің 32 атлеті спорттың 8 түрінен 82 жолдама жеңіп алды.
Ұлттық құрама сапында елордалықтар да бар. Шорт тректен Абзал Әжіғалиев, Яна Хан, ал конькимен жүгіруден Дмитрий Морозов лицензия иегері болды.
Еске салайық, Абзал Әжіғалиев бұған дейін бірнеше мәрте Олимпиада ойындарына қатысқан тәжірибелі атлет. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберінен биылғы додада жоғары нәтиже күтеміз. Әйелдер арасында шорт тректен Қазақстан рекордын жаңартқан Яна Ханға да артылар сенім мол. Азия және Әлем (студенттер арасында) чемпионатының жеңімпазы Дмитрий Морозов XXIV қысқы Олимпиадада 1500 м қашықтықта шеберлігін сынға салады. Бұл дистанцияда Дмитрий сәтті өнер көрсетіп жүр.
4-20 ақпан аралығында Қытай астанасында өтетін
XXIV қысқы Олимпиада бәсекесін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелейэфирде көрсетеді.
Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!