2015 жылғы 3-6 қараша аралығында Астана қаласы «Сарыарқа» республикалық велотрек мұзайдынында 4 жас ерекшеліктегі (үлкен, орта, кіші жастағы және балалар мен қыздар) жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты (жеке) өтеді.

Турнирға Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс-Қазақстан облыстарынан және Астана, Алматы қалаларынан 168 спортшы қатысады.

Жарыстың ашылуы 03.11.2015 жылы сағат 11.30 басталады. Нақты уақыты 02.11.2015 жылы сағат 17.00 өтетін мандаттық комиссиядан кейін белгілі болады.

Осы жарыспен қатар шорт-тректен Қазақстан Республикасының мектеп оқушылары арасында Республикалық турнир өтеді. Қазақстан Республикасы Білім беру министрлігінің Ұлттық ғылыми-тәжірбиелік дене тәрбиесі орталығы басқа қашықтықта жарысты өткізуді қарастыруда.