ТӨРЕШІЛЕР ТІЗІМІ ЖАРЯ ЕТІЛДІ

Халықаралық конькишілер кеңесі 2013-2014 жылғы маусымда коньки спорты мен шорт-тректен өтетін сайыстарда жұмыс жасайтын төрешілер, мәрешілер және стюардтар тізімін жаряилады. Жаңа маусымда Қазақстанда бірнеше жарыстар өткізу жоспарланған, атап айтсақ: Маусым ашылу Кубогы (5-6 қазан), Қазақстанның ашық Кубогы (9-10 қараша), Әлем Кубогы кезеңі (29 қараша-1 желтоқсан).

ISU Әлем Кубоктарын өткізу үшін арнайы төрешілер ортақтастығы жасақталуда. Ал, халықаралық беделі бар қазақстандық Кубоктарды өз күшімен өткізуге болады.  Алайда, осыдан бірнеше жыл бұрын елімізде халықаралық деңгейі мен керекті біліктілігі жоқ мамандардың жоқтығынан шетелдік төрешілер мен мәрешілерді шақыртқан болатын.

Қазақстандық Кубоктардың халықаралық күнтізбеге қосылуы біздің конькишілерімізге өз алаңында Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат ететін нормативтерді орындауға мүмкіндік береді. Алайда, халықаралық төрешілердің қатысуынсыз жасалынған нормативтер (тіпті әлемдік рекорд) есепке алынбайды.

Қазақстанның жаңартылған тізімінде 10 төреші, 6 мәреші және 4 стюард бар. Жыл сайын  ISU әр елден тек екі үміткер қосып отырады.    Тізімнің кеңеюі – Халықаралық федерация тарапынан сенімнің артқанын білдіреді.

Меншікті төрешілер корпусы – бұл Азия аймағының спортшылары үшін өз елдерінде өтетін жарыстарды танымал етуге жақсы мүмкіндік. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдан бастап, биік және жазық мұз сарайларында халықаралық жарыстар нормативін орындау екіге бөлінген болатын. Ендігі кезекте  «Алау» сарайы да Калгари және Солт-Лейк-Сити биік таулы мұз айдыны секілді нормативтер орындау орнына айналуы мүмкін.

2013/2014 жылғы маусымның халықаралық төрешілері

 SPEED SKATING

International Referees

Avdeyev Sergey

Bikchantayev Radik

Gavrilov Alexandr

Gavrilova Anzhelika, Ms.

Mesentseva Yelena, Ms.

Sapiga Dmitriy

International Starters

Avdeyev Sergey

Bikchantayev Radik

Portnyagin Yuriy

SHORT TRACK SPEED SKATING

International Referees

Fadeyev Alexey

Fedorenko Nikolay

Lavrova Adelaida, Ms.

Mukhambetkaliyev Zhaskan

International Starters

Gamidov Pyotr

Lavrova Adelaida, Ms.

Portnyagin Yuriy

International Competitors Stewards

Gamidova Xeniya, Ms.

Kamesheva Asal, Ms.

Lavrova Adelaida, Ms.

Sinitsina Yelena, Ms.

http://sk-sport.kz/kz/news/4031