ЖАҢА МАУСЫМ – АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕР

Кезекті жаттығу жиындарынан оралған қазақстандық конькишілер жаңа маусымдағы алғашқы бақылау сайыстарын бастап та кетті. Калгари биік таулы айдынында ВадимСаютинның жетекшілік ететін ұлттық құрама мүшелері алғашқы сайыстарын командалық жарыстан бастады.  Жарыс нәтижелері ресми хаттамаларға енгізілмеді. Құрамадағы спортшылардың ішінде тек Жұмабек Қабділхан ғана «Time Trials» дәстүрлі сайысына қатысып, ресми нәтиже тіркеді. Оның 500 м қашықтықтағы көрсеткіші – 37,78 и 38,02

Жаңа маусымда CBA командасында өнер көрсететінДмитрий Бабенко бақылау жарыстарын норвегиялық Хамара қаласында өткізді. Оның 500 м қашықтықта көрсеткен нәтижесі – 37,29 и 37,34.Ал, 3000 м қашықтықта петропавлдік спортшы 3.46,05 уақыт нәтиже тіркеді. Сонымен қатар, Бабенко Хамарада әлемдік аренада жүледен үмітті өзінің негізгі қарсыласының бірі Ховард Бокконың өзін артқа тастады.

Бір айта кетерлік жайт, Хамарадағы мұз айдыны жеке рекордтар орнатуға қолайсыз спорттық нысан болып есептелінеді. Оның үстіне бақылау сайыстарындағы нәтиже аса маңызды емес, бұл тек жаңа маусым алдындағы спортшылардың қарым-қабілеттерін тексерістен өткізу. Ешкім рекорд орнату тапсырмасын берген жоқ. Дмитрий атап айтқандай, бүгінгі күні барлығы алда келе жатқан ақпан айындағы оқиғаларға алаңдайды. Хамарадағы жарыстың нәтижесіне қарап, Бабенконы Сочиге сақадай-сай деп айтуға болады. Алайда, бірінші жарыс ештеңені шешпейді. Жазғы сайыстар мен Олимпиада ойындарының арасында іріктеу жарысы және әлем Кубогы жарыстары өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қазақстандық спортшылар 3 000 м қашықтықта сәтті өнер көрсетіп, кейін «ондықта» әлемдік рекорд орнатты, алайда жаңа жылдан кейін нәтижелер күрт өзгеріп, спортшылар маусымды сәтсіз аяқтаған болатын.

Қателіктер түзелетін болады. — «Бұл маусымда біз ақылмен жұмыс істейтін боламыз«, – дейдіДмитрий. Бабенконың жоғары шеберлігіне ешкімнің күмәні жоқ. Петер Мюллердің бапкерлік дарыны әлемдің деңгейдегі спарринг серіктес — былайша айтқанда Сочиде сәтті өнер көрсетуге барлық жағдай жасалған. Ендігі кезекте Дмитрийдің осы маусымды қалай өткеретінін бақылайық.

sk-sport.kz