Қазақстандық конькишілер Астанада бас қосты

Биылғы жыл ұлттық құрама үшін маңызды. Себебі ақпан айының аяғында елордадағы «Алау» мұз сарайында спринтерлік көпсайыстан әлем чемпионаты өтеді.

Вадим Саютин шәкірттерінде үш жолдама бар. Соның бірі Екатерина Айдоваға тиесілі. Қалған екі жолдамадан әлем чемпионы Денис Кузин мен Федор Мезенцев және Александр Жигин үмітті. Роман Креч те қатарға қосылды. Қосымша жолдамалар спринтерлік көпсайыстан Голландияда өтетін әлем кубогы кезеңдерінде үлестіріледі.  Қаңтардың 23-інде конькимен жүгіруден ел чемпионаты өтеді. Біріншіліктен соң спортшылар халықаралық жарыстарға аттанады. Ұлттық құрама ақпан айының ортасында Астанаға оралып, жылдың басты бәсекесіне дайындалады.

Вадим Саютин, Қазақстан құрамасының бас бапкері  – Әлем чемпионатында жүлде алу жоспарда тұр. Ең бастысы өз жерімізде жақсы өнер көрсетіп, көпсайыс қорытындысы бойынша үздік алтылыққа ілінсек дейміз. Ал медальды жекелей сайыстардан іздеген дұрыс.

Источник: http://khabar.kz/kz/zha-aly-tar-50/sport/item/9624-aza-standy-konkishiler-astanada-bas-osty
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.khabar.kz