Конькиден әлем чемпионаты өтті

Астанада конькимен жүгіруден әлем чемпионаты өтті. «Алау» мұз сарайында 2 күн бойы дүние жүзінің ең үздік конькишілері спринтерлік көпсайыстан бәсекеге түсті. 

Вадим Саютиннен тәлім алатын ұлттық құрама медальға жете алған жоқ. Алайда әйелдер арасындағы жарыста өнер көрсеткен жалғыз спортшымыз Екатерина Айдова қоссайыс қорытындысы бойынша 4-орынға ие болып, жүлдеге сәл жетпей тоқтады.  Айдова алғашқы 500 метрлікте қателік жіберіп, 13-ші нәтиже көрсетті. Осы қашықтық қазақстандық конькишінің жолын қиды. Бұл сайыста америкалық Бриттани Боу әлем чемпионы атанды. Оның отандасы Хизер Ричардсон күміс медальға қол жеткізсе, қола чехиялық Каролина Ербановаға бұйырды.  Ерлер арасында ресейлік Павел Кулижников топ жарды. Қола медаль да Ресейге кетті. Үшінші орынға Алексей Есин табан тіреді. Күміс голландиялық Хейна Оттерспердің еншісінде. Қазақстандық Денис Кузин 11-ші, Роман Креч 14-ші болып әлем чемпионатын аяқтады. 

Источник: http://khabar.kz/kz/zha-aly-tar-50/sport/item/15597-konkiden-alem-chempionaty-utti