Коньки тебушілер 2014 жылдың ресми бағдарламасын аяқтады 2014/2015 коньки кезеңінің жартысы өз мәресіне жетті.

Бір жағынан ынжығаны түсіретіндей себеп жоқ. Командамызға аз ғана күш жинап үлкен сөрелерді бағындыру керек. Бұл міндетті орындау мүмкін болмағандықтан келесі әдіске сенген дұрыс сияқты: жарақат-демалыс-жетістік. Кузин жарақаттанды, жарты кезеңді жіберіп алды, әлем чемпионатын ұтты. Креч бұғанасын сындырып алды, қалыпқа келіп Сочиде жақсы сөре көрсетті. Қазір де Роман Креч жарыстан тыс үрдісте, команданың барлық мүшелері де күту режимінде.

Херенвендегі әлем Кубогі кезеңінің «б» тобында,жарыстың соңғы күні 1500 метр қашықтықта Кузин мен Жигин 20-шы және 27-ші орындарға ие болды. Дмитрий Бабенко өзінің бірінші бұқаралық сөресіне қатысты. Бірақ жеңімпаздар тізіміне ілінбеді.

Жақында болатын сөре бізді қаңтардың аяғында күтеді. Астанада спринтерлік көпсайыс бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді. Бір айдан соң өзімізде өтетін әлем Чемпионатында еліміздің намысын кімнің қорғайтыны осы жарыста белгілі болады.

Олар құраманың лидерлері болады ма, Роман Креч қалыпқа келіп үлгереді ме, немесе жастар беделділердің алдын орайды ма? Бес апта өткеннен кейін бізде толық жауабы болады.

Қазақстан құрамасының әлем Кубогіндегі аралық рейтингі

5000 м

38 орын М. Баклашкин 10 ұпай

49 орын Д. Бабенко 2 ұпай

500 м

15 орын Е. Айдова 165 ұпай

1000 м

16 орын Е. Айдова 72 ұпай

17 орын Е. Айдова 76 ұпай

42 орын Ф. Мезенцев 2 ұпай

1500 м

27 орын Д. Кузин 24 ұпай