Шорт-трек спортынан Астана қаласының Ашық чемпионаты өтті

Ағымдағы жылғы сәуір айының 5 мен 6 аралығында Астана қаласында «Алау» Мұз Сарайында шорт-трек спортынан Астана қаласының Ашық чемпионаты өтті. Бұл жарысқа 100-ге жуық спортшы қатысып, 33 қатысушы жүлделі орындардан көрінді.

Жүлделі атанған спортшылардың түгелі Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» МКҚК-да жаттығады. Шорт-трек спорты дамушы спорт түрлерінің бірі. Қазақстан құрамасы естеріңізде болса 2014 жылы Сочиде өткен қысқы олимпиада ойындарында эстафеталық жүгірісте 5 орынға ие болды.

Жалпы бұл спорт түрінің еліміздегі қарқыны жаман емес. Қазіргі таңда шорт-трек спортынан Қазақстан Республикасының жастар құрамасында тіркелген спортшыларымыз да жоқ емес, оларды атап өтетін болсақ: Жанбусинова Мадина, Хан Яна, Серікбай Данияр, Жолдас Дінмұхаммед, Күмісбеков Әділ т.б.