Шорт-трек

2016 жылғы желтоқсан айының 25-27 аралығында Астана қаласында, «Сарыарқа» Республикалық Велотрегінде шорт-трек спортынан Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Бұл жарысқа еліміздің 8 өңірінің құрамалары қатысты, олар: Атырау облысы, Батыс-Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Шығыс-Қазақстан облысы, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Алматы және Астана қалалары. Бұл жарыста да біздің шеберлер жүлдесіз қалмады. Жалпы саны 12 медальді иемденген спортшыларымыз жақсы деңгейде өнер көрсетті деп айтсақ артық болмас. Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының № 2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі тәрбиеленушілерінің төмендегі спортшылары жеңімпаз және жүлдегер атанды:

Хан Яна – 500 м қашықтықта жеңімпаз атанды, Яна Қазақстан Республикасының чемпионы атағын алғаш рет иемденіп отыр, ол үшін бұл үлкен серпіліс. Янаның болашағынан зор үміт күтеміз. Жанбусинова Мадина – 4 медальдін иегері атанды. 500 м қашықтықта Мадина мәре сызығын екінші болып өтсе, 1000 м қашықтықта дәл сол жетістігін қайталап күміс медальді иемденді. 1500 м супер финалдық жүгірісте Мадина қола жүлдегер атанса, көпсайыс ұпай бойынша (57 ф)екінші орынға тұрақтады. Естеріңізге сала кетсек Мадина шорт-трек спортынан Қазақстан Республикасы негізгі құрамасының мүшесі. Ұлдарымыз да жақсы өнер көрсетіп тұғырдан көріне білді. Арсентьев Евгений – 1000 м қашықтықта 3 орынға ие болса, 1500 м суперфиналдық жүгірісте 2 болып мәре сызығын өтті. Ер балалар арасындағы 1500 м суперфиналдық жүгірісінде Серікбай Данияр қола жүлдегер атанды. Ер балалр арсындағы 3000 м қашықтықтағы эстафеталық жүгірісте Серікбай Данияр, Арсентьев Евгений, Жанисов Санжар, Қасенұлы Рахат, Бижанов Бейбарыс бастаған командамыз қызу тартыста тұғырдын екінші сатысына жайғасты.