Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті

2017 жылғы 20-21 наурызда Астана қаласының Алау мұз сарайында коньки тебу спортынан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. 

Жарыстың ұйымдастырушылары – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Штаттық ұлттық командалар және спорттық резерв Дирекциясы. Чемпионат бағдарламасында 500 м, 1000 м, 1500 м және 3000 м қашықтықтар берілді. Аталған қашықтықтарда Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарының, Астана және Алматы қалаларының конькишілері күш сынасты.

Бұл додада Астана қаласының № 2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіның түлектері топ жарды. Нақтырақ атап өтсек: жасөспірім қыздар арасында Сидельник Надежда чемпион атағын жеңіп алды, ал жасөспірім ұлдар арасында Гаврилов Демьян чемпион атанды. Спорт шебері Галиев Артур 3 орынды қанағат тұтты.