IV қысқы спартакиадасы өтті

Құрметті оқырмандар, спорт сүйер қауым! Ағымдағы жылдың 24-26 қараша аралығында Алматы қаласында шорт-трек спортынанан Қазақстан Республикасының IV қысқы спартакиадасы өтті. Бұл спартакиадаға еліміздің 10 командасы қатысты. Тартысты қызу жарыста Астана құрамасы жүлделі 3 орынға тұрақтады.

Бірінші орын Батыс Қазақстан облысының еншісінде болса, Оралдықтарға 4 ұпай ғана ұтылған Қостанай облысының саңлақтары 2 орынды қанағат тұтты. Басқа командалар келесі кезекте орындарды бөлісті: 4 орын Алматы қаласы, 5 орын Қарағанды облысы, 6 орын Шығыс-Қазақстан облысы, 7 орын Оңтүстік Қазақстан облысы, 8 орын Алматы облысы, 9 орын Солтүстік Қазақстан облысы, 10 орын Ақмола облысы.

Жарысқа Астананың үздік спортшылары қатысып жақсы нәтижелер көрсетті. Халықаралық жарыстарда Қазақстан құрамасының намысын қорғап жүрген Мадина Жанбусинова қарсыластарын шаң қаптырып әйелдер арасында барлық қашықтықтарда топ жарды. Спорт шеберлері Серік Данияр 1500 м қашықтықта 2 орын, Жолдас Дінмұхаммед 500 м қашықтықта 3 орын, Арсентьев Евгений 1000 м қашықтықта 3 орын, Хан Яна 1000 м қашықтықта 3 орын. 500 м үздіктер қатарынан табылатын Яна, ол қашықтықта өкінішке орай тайып түсіп жүлдеден тыс қалды.

Әйелдер эстафетасы 3000 м 3 орын және ерлер эстафетасы 5000 м 3 орын. Барлық спортшылар мен жаттықтырушыларды шын жүректен құттықтаймыз!!! Жеңістің барлығы әлі алда!!!