Қазақстан Республикасының Бірінші қысқы чемпионаты өтті

Шаңғымен спорттық бағдарлау спортынан БЖСМ және БЖТСМ арасындағы Қазақстан Республикасының Бірінші қысқы чемпионаты өтті.

Ағымдағы жылдың 2-5 ақпан аралығында Алматы қаласында орналасқан Алатау шаңғы-биатлонды кешенінде шаңғымен спорттық бағдарлау спортынан БЖСМ және БЖТСМ арасындағы Қазақстан Республикасының Бірінші қысқы чемпионаты өтті.

Бұл жарысқа еліміздің 5 өңірінен 100-ге жуық спортшы қатысты. Бағдарлаушылардың құрамасы жақсы нәтижелер көрсетті. Сайыстың екінші күні ең үздік, нәтижелі спортшыларымыздың бірі Төлеубаев Әділ жарақат алуына байланысты жарысты жалғастыра алмады. Сондықтан да құрама толық болмай, қорытынды жалпыкомандалық нәтижеге әсер етті.

Дегенмен жалпы есепте 1001 ұпай жинаған саңлақтарымыз жүлделі үшінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды 1799 ұпаймен шығыстың құрамасы ұтып алса, 1422 ұпай жинаған Алматы құрамасы екінші орынды қанағат тұтты. Чемпионат бұдан ертерек өту керек болатын, бірақ қытымыр аяздың салдарынан кейінге шегеріліп кейбір құрамалардың келмеуіне де осы себеп болды.

Тәрбиеленушілерімізді жүлделі орындарымен құттықтаймыз.