Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

2018 жылғы қазан айының 22-25 күндері аралығында шырайлы Шымкент қадласында конькимен мәнерлеп сырғанау спортынан Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі, Балалар мен жасөспірімдердің мамандырылған спорт мектебі, Олимпиадалық резервтерді дайындау орталығы және спорт клубтары арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Чемпионатқа еліміздің 8 өңірінен 92 спортшы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте 518 ұпай жинаған Шымкент қаласының құрамасы 1 орынды, 332 ұпай жинаған Алматылықтар 2 орынды иеленсе, 202 ұпай жинаған Сәтпаев қаласының саңлақтары үштікті қорытындылады. 156 ұпай жинаған Астана 7 орынға табан тіреді. Астана қаласынан біздің 8 спортшымыз қатысып, ІІ спорттық дәрежеде өнер көрсеткен Садыков Абай 3 орынды еншіледі. Басқа спортшыларымыз өкінішке орай жүлдегерлер тұғырына көтеріле алмады.

Спортшыларымыздың бұл жарыста орташа өнер көрсетуінің де себебі жоқ емес. Оқу-жаттығу сабақтары өтетін мұзайдының жөндеу жұмыстарына байланысты биылғы қысқы кезеңіміз кеш басталып, тәрбиеленушілеріміздің толықтай дайындалуларына мүмкіндік болмады. 2018-2019 жылғы қысқы кезеңнің алғашқы сөресі дәл осы чемпионаттан басталды. Соған қарамастан спортшыларымыз барларын салып орташа деңгейде өнер көрсетті. Ендігі мақсатымыз алдағы үлкен жарыстарға машықтанып үздік нәтиже көрсету, 2019 жылы өтетін Рсепубликалық жастар ойынында жүлделі орыннан көріну. Абайды үшінші жүлделі орынымен құттықтай отыра спортшыларымыз бен жаттықтырушы-оқытушылар ұжымына толағай табыстар тілейміз!!