Шорт-тректен Қазақстан Республикасының чемпионаты

Астанада 18 – 20 наурыз айының күндері шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды.

Жарысқа еліміздің сегіз аймағынан 88 спортшы қатысады, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі. Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Түркістан облыстарының спортшылары чемпионаттың жүлдегерлері үшін таласады.

Астана қаласының құрамасында біздің «№2 балалар мен жасөспірімдер мектебінің» спортшылар 3 күміс, 3 қола медальдер ұтып алды.