Алина Дауранова Әлем кубогының финалында алтын медальға ие болды

Қазақстандық коньки тебуші Алина Дауранова Германияның Инцель қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының финалында алтын медаль иеленді.

Ол 1000 метр қашықтықты 1 минут 17,98 секундта еңсерді. Бұл нәтиже оған бірінші орынды иеленуге мүмкіндік берді. Күміс медаль нидерландылық спортшы Пьен Херсманнан, италиялық Серена Пергер жүлдегерлердің үштігін жапты.

Сонымен қатар, Алина Дауранова 1000 метр қашықтыққа жалпы есепте жеңімпаз атанды. Жасөспірімдер арасындағы осы қашықтықта жалпы есепте қазақстандық Никита Важенин үздік нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, жарысқа 28 елден 218 спортшы қатысуда.

Коньки тебуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы 5 ақпанда аяқталады.

Баршаңызды Жеңіспен Құттықтаймыз!!!