12 маусым жалпыұлттық аза тұту

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы өкімге қол қойды.

«Абай облысында орман өрті салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты 2023 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялансын», – делінген құжатта.

Бұған дейін Тоқаев дүйсенбіні қаза болған орманшылардың туыстарымен кездесу кезінде аза тұту күні деп жариялаған болатын.

Сондай-ақ, Президент қаза тапқан орманшылық қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты. Бүгін ол Абай облысындағы өрттен зардап шеккен аумақты аралап шықты.