18 наурыз – Ұлттық киім күні


Наурызнама онкүндігінде 18 наурызда еліміздің барлық өңірлерінде этно-заманауи киімдер, челлендждер фестивалі өткізіледі. Қазақ мәдениеті ұлттық киімдермен жақсы ашылады. Көшпелі өмір салты, дала климаты мен діни көзқарастар қазақ костюмі дәстүрінің дамуына әсер етті – бұл суық пен желден қорғайтын, ат мінуге ыңғайлы, табиғи материалдардан жасалған практикалық киім болатын. Сондай-ақ оның сапасы мен жекелеген элементтері қазақтың әлеуметтік мәртебесін және оның белгілі бір руға немесе кланға жататынын білуге мүмкіндік берді.