«№ 2 БЖМСМ» КММ

1967 жылы Целиноград қаласында жастардың спорттық мектебі ашылды. Осы мектептің ең алғашқы бөлімі шаңғы жарысы болды. 1979 жылы осы мектептің атауы «Облыстық спорт комитетінің балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» болып өзгертілді. Содан кейін, 1997 жылы Ақмола облысының жастар, туризм және спорт істері жөніндегі басқармасы болып аталды. 1999 жылы Астана қаласы туризм және спорт қалалық комитетінің «Кешенді балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» МКҚК болып өзегртілді. 2008 жылы Астана қаласының әкімдігі қаулысының шешімімен «Астана қаласының туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ «№ 2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» МКҚК өзгертіліп, жақында 2015 жылдың басында Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» МКҚК өзгертілді.

Осыған қарамастан, бұл қаламызда алғашқы ашылған спорт мекемесі болды, даму тарихында мектеп бірнеше рет атауын және статусын өзгертті. Сонымен қатар, біздің мектебіміз жазғы және қысқы олимпиадалық және олимпиадалық емес бүкіл спорт түрлерінің дамуына өзінің үлесін қосты. Айырмашылығы тек басшылардың, әкімшілік және жаттықтырушы-оқытушы құрамы мен даму уақытының өзгеруіне байланысты болды.

Осыған қарамастан, біздің спорт мекеменің осы уақытқа дейін дәстүрі, жұмыстың қағидасы мен әдісі, барлық қызметкерлерінің ынтасымен өз жұмысына берілгендігі өзгеріссіз сақталып қалды. Басқаша спортта мүмкін емес. Жетістіктерге тек сүйікті ісіне толық берілгендер ғана жетеді. Осы қағида біздің мектептің ең негізгісі болып табылады, осыған дәлел ретінде мектеп әр түрлі дәрежедегі республикалық, халықаралық жарыстарда қаланың және республиканың намысын қорғап келетін тәрбиеленушілерді тәрбиелеуде және тәрбиелеп келеді. Олар Олимпиада және Азия ойындарының жеңімпаздары, Әлем, Азия кубогін иеленушілері, республикалық спартакиада, чемпионаттар және біріншіліктердің жеңімпаздары. Бұл тізімді шексіз жалғастыра беруге болады. Жоғары жетістіктерге жете отырып, біздің спортшылар өз спорт түрлері бойынша Кеңес одағы кезінде де, Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының топбасшысы болып, спорттың әлем тарихында өз аттарын өшпестей ізін қалдырды.