Мектеп туралы

МЕКТЕПТІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ

Спорттық мектептердің негізгі мақсаттары:
1) оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға баулу;
2) оқушылардың белгілі бір спорт түріне икемін анықтау;
3) оқушыларға спорт түрлерін үйрету және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу;

Спорттық мектептердің негізгі мақсаттары:
1) оқушылардың денсаулығын нығайту мен көпжақты физикалық дамытуға бағытталған сауықтыру-дене шынықтыру және тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу;
2) спорт мектептегі спорт түрлері бойынша жалпы білім беру мектептері мен басқа оқу мекемелеріне методикалық және спорттық-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу;
3) спорттық резервтерді дайындауды қамтамасыз ету, аудан, қала, облыс, республика құрамаларына үміткерлерді дайындау және спорт мектептерінде жоғары дәрежедегі спортшыларды дайындау.

Спорттық мектептің қойылған міндеттерінің орындалуында:
1) жылдық үзіліссіз сабақ үрдістерін жүргізуге жағдай жасайды;
2) спорт түрлері бойынша оқушылардың болашақ мамандықтары үшін дарынды балаларды анқтау жүйесін ұйымдастырады;
3) оқушылардың бойындағы спорттық этиканы сақтау, ұйымдастырушылық қасиеттерін және тәрбиелік жүйелі жұмыстарын ұйымдастырады;
4) заманауи спорттық технологияларды қолдана отырып оқу-жаттығу үрдістерін ұйымдастырады;
5) оқушылардың жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді және жүйелі түрде жарыстар өткізеді;
6) Оқушылардың практикалық және теориялық білімді игеруін қамтамасыз етеді.