Шымкент қаласында 2017 жылдың 20-24 қараша аралығында мұз сарайда конькимен мәнерлеп сырғанау спортынан Қазақстан Республикасының 4 қысқы спартакиадасы өтті

Шымкент қаласында 2017 жылдың 20-24 қараша аралығында мұз сарайда конькимен мәнерлеп сырғанау спортынан Қазақстан Республикасының 4 қысқы спартакиадасы өтті. Аталған додаға еліміздің 9 өңірінен 80-ге жуық спортшы қатысты.

Астана қаласының намысын біздің мектептің 13 тәрбиеленушісі қорғады. Бұған дейінгі спартакиадаларда астана командасы үздікке бестікке қиындықпен енген болса, осы жарыста тыныцмсыз, қажырлы еңбектің арқасында үздік үштікте. Құрамалар орындарды келесі кезекте бөлісті:

1. Алматы қаласы 301,2 ұпай
2. Астана қаласы 188,2 ұпай
3. Қарағанды облысы 143 ұпай
4. Алматы облысы 64 ұпай
5. Оңтүстік Қазақстан облысы 22,2 ұпай
6. Маңғыстау облысы 12,6 ұпай
7. Ақмола облысы 6,6 ұпай
8. Қостанай облысы 0 ұпай – 8орын
9. Шығыс Қазақстан облысы 0 ұпай- 8 орын

Әрине біз үшін бұл үлкен жетістік. Барлық ересектер қатысатын үлкен сайыста жасөспірімдеріміз тайсалмас қайрат танытып 2 орын иеленді. Барлық спортшыларды, ата-аналарды, конькимен мәнерлеп сырғанау спортының бөлімін шын жүректен құттықтаймыз.

Қала сенімін ақтаған тәрбиеленушілерімізден күтетін үмітіміз көп. Алдағы, желтоқсан айындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатында да үздіктер қатарында табылатындарына күмәніміз жоқ. Суреттерді келесі сілтеме бойынша көре аласыздар (ссылка на фотки)