Астана қаласындағы Сарыарқа республикалық велотрегінің мұз алаңында шорт-трек спортынан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті

2017 жылғы 18-21 желтоқсан аралығында Астана қаласындағы Сарыарқа республикалық велотрегінің мұз алаңында шорт-трек спортынан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Аталған іс-шараға 7 өңірдің құрамасы қатысты. Олар: Алматы қаласы, Астана қаласы, Шығыс-Қазаөстан облысы, Батыс-Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы. Жарыс ойдағыдай өтті. Астана құрамасының намысын қорғаған келесі спортшыларымыз жүлделі орындардан көріне білді.

Хан Яна- 1500 м қашықтықта 1 орын, 500 м қашықтықта 2 орын, 1000 м қашықтықта 2 орын, эстафета 3000 м қашықтық 2орын, көпсайыс ұпайы бойынша 3 орын. Жолдас Дінмұхамед – 1500 м 1 орын, 500 м 1 орын, 1000 м 3 орын, 1500 2 орын, көпсайыс ұпайы бойынша 2 орын. Жанисов Санжар 500 м 2 орын, көпсайыс ұпайы бойынша 4 орын.

Екі ғана жаттықтырушылары бар Астана үшін бұл өте жақсы көрсеткіш. Аз ғана уақыттын ішінде көп жетістікке жете білді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!! Құрметті оқырмандар, егер спортқа қабілеті бар балаларыңыз болса сіздерді осы спорттың конкурстық іріктеулерінде күтеміз, іріктеудің шарттары біздің сайтта толық қамтылған!!